Журналист әзілкештің бұрынғы жұбайы Мөлдір Мұқанованың сұхбатын көріп, бұл жағдайға бейжай қарай алмағанын жеткізді.
«Анасы, неге басу айтпадыңыз...»: танымал журналист Тұрсынбек Қабатовқа ренішін білдірді
15,552
оқылды

Белгілі журналист Қымбат Әбілдәқызы  әзілкеш Тұрсынбек Қабатовқа ренішін білдірді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Журналист әзілкештің бұрынғы жұбайы Мөлдір Мұқанованың сұхбатын көріп, бұл жағдайға бейжай қарай алмағанын жеткізді. Сонымен қатар ел алдында жүріп, қоғамның ойын өзгертуге үлес қосатын ер-азаматтардың мұндай әрекетін құптамайтынын ашық айтты. Мұнымен қоса отбасын сақтай алмаған ұлына басу айтпаған анасына да ренішін білдірді.

«Мөлдірдің жалпы болмысы, тегі, адалдығы көрініп тұр емес пе? Сүйкімді, мөлдіреген қалпында 20 жасында екеуі қосылып, үлкен абыройға жетті. Алла Тағала ұл десе ұл, қыз десе қыз берді. Бақ, байлық берді. Бәрін берді ғой. Мынадай ажырасып жатқаны ақылға сыймайды. Ешкімді кінәлаудан аулақпын. Екеуін де ана туған. Елдің ақыл-ойын, бағытын өзгертуге үлес қосып жүрген өнердегі азамат Тұрсынбектің балаларымен хабарласпай, осындай күй кештіруі Құдайсыздық шығар... «Балалардың тағдырына неге жаның ашымады? Алдыңда не күтіп тұр?» дегім келеді бауырыма. Әлемді тәрбиелейтін аналар қайда? Мөлдірдің анасы он үш жасында келмеске кетті. Бірақ мұғалім болған анасының отбасын сақтаудағы, ұяны бұзбаудағы, ата-ана ретіндегі жауапкершілік тұрғысындағы үлгісі Мөлдірдің бойында тұр. Ал Тұрсынбектің анасы тірі ғой. «Балам, сен адассаң да, мен адаспаймын. Ол менің қолыма аппақ болып қонған ақ көгершінім. Одан сенің ұрпақтарыңды сүйдім. Олар ержетті, бойжетті. Енді олар жапырағын жайып, бәйтерекке айналамыз дегенде мынауыңды көтере алмаймын» деп неге басу айтпайды? Ананың сөзін тыңдамайтын бала жоқ. Әсіресе, ұл бала ананың сөзін ерекше тыңдайды», – дейді журналист.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Қымбат Әбілдәқызы | Мен қазақтың досымын… (@kymbat_abildakyzy)

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.