Әлеуметтік желіде әзілкештің видеосы пайда болды.
«Сақ болыңыздар, алданып қалмаңыздар!»: Тұрсынбек Қабатов видеоүндеу жасады
Фото: tv.telecom.kz
2,318
оқылды

Әзілкеш, актер Тұрсынбек Қабатов халықты алаяқтардан сақ болуға шақырды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Ол әсіресе түрлі мекеменің атын жамылып, қарияларға хабарласатын интернет алаяқтарға алданып қалмауға кеңес берді.

«Құрметті достар, жерлестер! Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласында алаяқтар көбейіпті. Әсіресе ата-әжелер, аға-жеңгелер, сақ болыңыздаршы. Банктенмін деп хабарласып, құжатыңызды жіберіңіз немесе сізге СМС келеді, соны жіберіңіз дейді екен. Шотыңызды бұзайын деп жатыр, сіздің атыңыздан кредит алайын деп жатыр деп айтатын көрінеді. Полицияданбыз деп хабарласып, ұлыңыз бізде отыр, тәртіп бұзды деп ақша сұрайды. Банкте, полицияда отырғандай дыбыс қосып, адамның сеніміне кіреді екен. Сондай адамдар пайда болыпты. Сақ болыңыздар, алданып қалмаңыздар», - дейді әзілкеш.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.