Желі қолданушылары әншінің пікіріне қолдау көрсетіп, ризашылығын білдірді.
Әнші Бүркіт бірнеше әйел алатындарға ашуланды
4,213
оқылды

Әнші Бүркіт соңғы отбасы тақырыбына қатысты пікірін айтты, – деп жазды Aikyn.kz.

Өнер иесі бірнеше әйел алатын ер-азаматтарға кеңес беріп, бір әйелді бақытты қылу үлкен бақыт екенін атап өтті. Сонымен қатар отбасында бала тәрбиесі маңызды екенін айтты.

«Бір әйелді қарық қылып алыңдаршы. Бір әйелді бақытты қылу да үлкен іс. «Қазақтың санын  көбейту» деген әңгімелер өтірік сөз. Баланың саны көп, сапасы жоқ болғанынан не пайда? Баланы тәрбиелеу керек. Таңнан кешке дейін бірге болып, көңіл бөліп, сабағын оқыту керек", - дейді әнші. 

Желі қолданушылары әншінің пікіріне қолдау көрсетіп, ризашылығын білдірді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.