Шымкент қаласында бірінші сынып оқушысын көлік қағып кетті. Бала оқиға орнында жан тапсырды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Қайғылы жағдай кеше таңертең, балақай мектепке бара жатқан кезде болған. Ол жүргіншілер жолымен өтіп бара жатқан сәтте жылдамдықпен келе жатқан көлік жүйткіп келіп соққан.
Алдын ала дерек бойынша, көлік тізгініндегі әйел тежегіштің орнына қателесіп «газды» басқан көрінеді.
Қазір күдікті қамауға алынып, полиция қылмыстық іс қозғады. Куәлардан жауап алынып, тергеу әрекеттері жүріп жатыр.