FS7341 рейсімен ұшқан әуе кемесі Қостанайдағы қолайсыз ауа райына байланысты ұшып шыққан әуежайына мәжбүрлі түрде қайтып келген, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
FlyArystan әуе компаниясының Астанадан Қостанайға ұшып шыққан ұшағы ауа райының қолайсыздығына байланысты әуежайға қайта оралды.
"Кейінірек рейс те Қостанай әуежайының уақытша жабылуына байланысты кейінге шегерілді – ұшу-қону жолағын қардан тазарту жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ FS7342 Қостанай – Астана рейсі де ұшақтың Қостанайға кеш келуіне байланысты өзгертілді. Еске саламыз, FlyArystan рейстері айналымдық схема бойынша орындалады, сондықтан бір рейстің кешігуі келесі рейске әсер етуі мүмкін", – делінген хабарламада.
Астана – Қостанай рейсінің жолаушыларына сусындар мен ыстық тамақ ұсынылды. Ал кері бағыттағы FS7342 рейсімен ұшуы тиіс жолаушылардың өтініші бойынша олар қонақүйге орналастырылды.