Азат Рыстанбек ұзақ жылдар бойы Qazaqstan телерадиокорпорациясында қызмет етіп, отандық журналистиканың дамуына өзіндік зор үлес қосты.
Белгілі тележурналист Азат Рыстанбек өмірден өтті
1,153
оқылды

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі белгілі тележурналист Азат Рыстанбектің өмірден өтуіне байланысты туған-туыстары мен жақындарына, әріптестеріне қайғыра көңіл айтады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты. 

Азат Рыстанбек ұзақ жылдар бойы  Qazaqstan  телерадиокорпорациясында қызмет етіп, отандық журналистиканың дамуына өзіндік зор үлес қосты. Ол тарихи сана мен ұлттық жадыны жаңғыртуға бағытталған мазмұнды да маңызы жоғары жобалар жасап, тың деректі фильмдер мен репортаждар әзірледі. 

«Алтайдан Анадолыға», «Русафа: Маңызды миссия» деректі жобалары, сондай-ақ Бухенвальд пен Цайтхайн секілді тарихи орындардан дайындаған материалдары қазақ журналистикасының алтын қорынан орын алады.

Өзінің кәсіби білімі мен азаматтық ұстанымы арқылы жас буынға үлгі бола білген ардақты азаматтың жарқын бейнесі туған халқының жадында мәңгі сақталады деп сенеміз.

Марқұмның жаны жәннатта, иманы саламат, топырағы торқа болсын!