Тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.
Қостанайда полицияны пышақтаған 33 жастағы адамды ұстады
424
оқылды

Полиция 33 жастағы Қостанай қаласының тұрғынын, яғни, полиция қызметкеріне пышақ жарақатын салған, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру қылмысына күдікті азаматты ұстады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 106-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу  шаралары жүргізіліп жатыр.