Журналист Жанар Байсеміздің YouTube подкастына сұхбат берген Мөлдір Мұқанова бұрынғы жары Тұрсынбек Қабатов жайлы біраз дүние айтып еді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Осыған байланысты бүгін әзілкештің өзі әлеуметтік желіде балаларына қатысты тараған ақпаратты теріске шығарды.
«Ардақты ағайын! Мен балаларымды ешқашан блокқа қойған емеспін және мен балаларыммен біргемін, жақсы көремін. Осы күнге дейін балаларым үшін еңбек еттім, әлі де еңбек етемін. Алла денсаулық берсін!», – деп жазды ол.
