2025 жылдың қазан айындағы көрсеткішке сәйкес, Қазақстанда инфляция көрсеткіші бір жылда – 12,6% (2025 жылғы қыркүйекте – 12,9%), бір айда – 0,5% құрады (өткен айда – 1,1%), – деп хабарлайды Aikyn.kz Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.
Баға азық-түлік тауарларға бір жылда – 13,5% (2025 жылғы қыркүйекте – 12,7%), ақылы қызметтерге– 12,9% (2025 жылғы қыркүйекте – 15,3%), азық-түлік емес тауарларға 11% (2025 жылғы қыркүйекте – 10,8%) өскен.
Инфляцияның жылдық деңгейіне ең үлкен үлесті азық-түлік және алкогольсіз сусындар (5,2 пайыздық тармақ), денсаулық сақтау қызметтері (1,6 пайыздық тармақ), тұрғын үй қызметтері (1,3 пайыздық тармақ) қосты.
Ал соңғы бір айда азық-түлік емес тауарлар бағасының деңгейі – 1,2%, азық-түлік тауарлар 1% өсті, ақылы қызметтер – -0,8%, төмендеді.