Қазір Қа­зақ­станда ажырасудың негізгі се­бептерінің бірі де сол – құмар ойын­дарына тәуелділік
14 жастағы қыз құмар ойынға салынып, 3 миллион тең­ге қарызы үшін жезөкшелікке барған – психолог
istockphoto.com
4,366
оқылды

Психолог Жұл­дыз Баймұханова құмар ойындары мен букмекерлік бизнес бүтін бір от­басын ойран ететін, тіпті соңы ауыр трагедиямен аяқталатын мә­се­ле екенін атап өтті. Қазір Қа­зақ­станда ажырасудың негізгі се­бептерінің бірі де сол – құмар ойын­дарына тәуелділік. Бұл тұста пси­холог еліміздің ажырасу бойын­­­­ша былтырғы  статистикада әлемде екінші орында болғанын еске салды. Оның сөзінше, букмекерлік тәуелділік адамға сырттан емес, ең жақын ортадан келеді.

Тәуелділікке ұрынғандар еш­қа­шан «мен өз бетімше үйрендім» де­мейді. Құмар ойынды балаға аға­сы, туысы немесе досы үйретуі мүм­кін. Бұл – іштен келетін қауіп­ті үрдіс. Тәуелділік ешқашан жал­ғыз келмейді. Ол өзімен бірге адам бойында зиянды әдеттерді қалып­тастырады. Кеше ғана қабылдауы­ма 14 жастағы қызды алып келді. Оның қарызы – үш миллион тең­ге. Жасөспірім сол қарызын өтеу үшін жезөкшелікке барған. Біз осы­ның барлығын көре тұра үнсіз қал­мауға тиіспіз. Лудоманияға қа­тысты нақты заңнамалық шаралар қабылдануы қажет, – деді маман.

Мақаланы толық мына сілтемеден оқи аласыз

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз