ЖМ тауға серуенге шыққанда қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау қажеттігі туралы ескертеді
Алматыда екі жасөспірім 2300 метр биіктіктегі сарқырамаға шығып, қайта түсе алмай қалды
ТЖМ
674
оқылды

Алматы қаласының Құтқару қызметі Медеу ауданындағы Шұқыр сарқырамасы маңында биіктігі шамамен 2300 метр жерде қалып қойған екі жасөспірімге көмек көрсетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Оқиға орнына КСП «БАУ» экипажы аттанған. Құтқарушылар жеткіншектерді тауып, оларды қауіпсіз аймаққа дейін шығарып салды. Ешқайсысына медициналық көмек қажет болмады, жасөспірімдер кейін өз бетімен үйлеріне қайтқан.

ТЖМ тауға серуенге шыққанда қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау қажеттігі туралы ескертеді! Төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне қоңырау шалыңыз!