Доллар күшейіп, алтынның құны түсіп кетті

Яғни тәуліктік төмендеу -2,49% немесе -100,11 долларды құрады.

28 қазан, сағат 15:00-дегі жағдай бойынша, алтынның фьючерстік бағасы 3 919,59 доллар болып тұр, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты naryk.kz сайтына сілтеме жасап.

Яғни тәуліктік төмендеу -2,49% немесе -100,11 долларды құрады.

Ал соңғы бір аптада баға -4,81% төмендесе, бір айда 3,31%, 6 айда 17,6% қымбаттаған.

Бұл кейінгі апталардағы айтарлықтай үлкен құлдыраулардың бірі. Баға 4 000 доллар межесінен төмен түсті. Бұған доллардың күшеюі мен облигациялар табыстылығының артуы әсер еткен.