Танымал продюсер, қазіргі таңда әнші Мөлдір Мұқанова Жанар Байсемізге сұхбат берді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Сұхбат кезінде М. Мұқанова алғаш рет ресми түрде күйеуімен ажырасып кеткенін мәлімдеді. Сонымен қатар көпті мазалап жүрген мәселе "Тұрсынбек Қабатовтың денсаулығы" жайлы да айтып, оқиғаның қалай болғанын баяндады.
«Ол гастрольмен Ресейге кету керек болды. Алматыдан Ресейге баруы керек болған екен. Ол кезде Тұрсынбек үйде жоқ еді. Айтып отырмын ғой, ол соңғы 6-7 айда толықтай кетті. Ажырасардың алдында. Сөйтіп араласпаймыз. Мен Алматыға өзімнің кинодағы жобаларыммен жұмысқа келемін. Ол күні де Тұрсынбек Алматыда жүргенін естідім. Бірақ кездеспейміз. Мен Астанаға ұшып кетемін. Командамызбен түсірілімнен келіп, Астанада, үйде рақаттанып демалып жатыр едім. Бір уақытта қайынағамнан уатсапқа хабарлама келеді. «Тұрсынбек құлап қалды» дейді. Ана жерде дірілдеп, «не болды?», «қандай жағдай, түсінбей жатырмын?», «айтыңызшы анығын» дедім. «Құлап қалыпты, қазір реанимацияға алып кетті» деді. Таңда ғана Алматыдан ұшып келген адаммын. Кешкі сағат сегізге қайтадан Алматыға билет алдым. Сол уақытта әлеуметтік желіге де «Қабатовтың Ресейдегі концерті денсаулығына байланысты кейінге қалды» деген хабар тарады. Әуежайдан құрбым қолдап келді. Жол бойы ауруханаға жеткенше қатты жыладым. Кірдім. Не болғанын сұрадым. Қазір ғана операция жасадық, жағдайы жақсы деді. Содан кейін барып, жүрегім тынышталды. Көзбен көрейінші деп жалындым. Сонымен реанимация жаққа өттік, сізге кіруге болмайды деді. Сосын дәрігерге видеозвонок арқылы хабарласып, мені онымен телефон арқылы сөйлестірді. Сөйлестік, көңіл күйі реттелген, ота жасалған. Басын ақ бинтпен орап тастапты. Ал қайда соқты, біреу ұрды ма, ол ақпаратты өзі де айтпайды»,-дейді М. Мұқанова.