Жел күшейіп, көктайғақ болады: 1 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Синоптиктердің болжамы бойынша, ел аумағында ауа райы күрт нашарлайды.

Қазгидромет 1 қараша, сенбіге арналған жалпы ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Синоптиктердің болжамы бойынша, ел аумағында ауа райы күрт нашарлайды. Елдің басым бөлігінде ауа райы қолайсыз болады.

Қазақстан аумағының көп бөлігінде солтүстік-батыс циклоны және соған байланысты атмосфералық фронтальды бөліктер әсер етеді. Соның салдарынан жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады. Солтүстікте, күндіз батыста – нөсер жаңбыр, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында, түнде оңтүстіктің таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. 

Республика бойынша тұман түсіп, жел күшейеді, ал түнгі уақытта еліміздің солтүстік-батысында көктайғақ болуы ықтимал.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.