Алғашқы отырыс 2025 жылдың 5 қарашасына белгіленді.
Павлодарда екі баласын терезеден лақтырып жіберген әйелге қатысты сот жабық өтпек
www.istockphoto.com
374
оқылды

Павлодарда балаларын терезеден лақтырып жіберген әйелге қатысты қылмыстық іс материалдары Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына түсті.  Енді сот жабық өтпек,  деп хабарлайды Aikyn.kz.

Павлодар облыстық сотының мәліметінше, қылмыстық іс сотқа түсті, алғашқы отырыс 2025 жылдың 5 қарашасына белгіленді. Сот ісі мемлекеттік тілде жүргізіледі.

Сотқа баспасөз өкілдерінің қатысуына тыйым салынды, себебі қылмыстық іс жабық түрде қаралады.

Еске салсақ, 30 шілдеде Павлодарда жантүршігерлік жағдай болды – 34 жастар шамасындағы әйел екі баласын терезеден лақтырып, артынан өзі секіріп кеткен. Полиция департаменті зардап шеккендер подъездің қасбетіне құлағанын мәлімдеді. Алдын ала мәліметтер бойынша, әйел арнайы медициналық мекемеде тіркеуде тұрған.

Қайғылы оқиға болған күні кіші ұл баланың бір бүйрегінен айырылған. Операция кезінде оның жүрегі тоқтап, дәрігерлер баланы аман алып қалған. Кейін1 тамыз күні кешке бала қаза тапты.

Полиция оқиға бойынша қылмыстық іс қозғады. 

Аман қалған жеті жастағы бала қазір Екібастұз ауданындағы ауылда туысқандарының үйінде тұрып жатыр. Ол бір жыл бойы оңалтудан өтуге тиіс.