Танымал актриса Жұлдыз Әбдікәрімова күйеуі Қайрат Нұртасқа қолдау білдірді, – деп хабарлайды Aykin.kz.
Қайрат Нұртас Орталық стадионда жеке шығармашылық кешін бермек. Соған Жұлдыз Әбдікәрімова қолдау білдіріп, халықты концертке шақырды.
“Неғып жатырсыздар? Жүрміз ғой басы-қасында. Бәрі бақылауда. Уайымдамаңыздар", – деп жазды өнер иесі.
Одан кейін концерттің керемет ұйымдастырылып жатқанына да сендірді.
“Дайындық. Мына масштаб бұрынғыдан бөлек болайын деп тұр. Сахнада сіздер біле білмейтін талай моменттер болады. Ертең келіп, көзбен көріңіз", – деді Жұлдыз Әбдікәрімова.