Аданада 2023 жылы жер сілкінген
Түркияда 96 адамның қазасына себеп болған үйдің мердігері 62 рет өмір бойына және 865 жылға сотталды
TRThaber
2,470
оқылды

Аданада 2023 жылғы 6 ақпандағы жер сілкінісінде қираған «Алпаргүн» тұрғын үйінің мердігері Хасан Алпаргүнге сот 62 мәрте өмір бойына және қосымша 865 жыл түрме жазасын кесті, - деп хабарлайды Aikyn.kz сайты TRThaber порталына  сілтеме жасап

Адананың қылмыстық істер соты оны «бірнеше адамның өлімі мен жарақатына себеп болу» бабымен кінәлі деп танып, бұрынғы шешімді өзгеріссіз қалдырды. Алпаргүн ғимаратты заңға сай тұрғыздым деп ақталуға тырысқанымен, сот сарапшылар қорытындысы мен өзге дәлелдер негізінде оның жауапкершілігін растады.