Қос аруымыз бір күнде тұғырдың ең биік сатысына көтерілді.
Апалы-сіңлі қазақ қыздары Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды
Фото: Арлан Олжабай, Қазақстан ҰОК
1,846
оқылды

Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында бокстан финалдық сайыстар жалғасып жатыр , – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Бұл жарыста туған апалы-сіңлі - Камила мен Аяулым Оспанова ерекше жетістікке жетті.

Қос аруымыз бір күнде тұғырдың ең биік сатысына көтерілді.

ҚР ҰОК мәліметінше, Аяулым 66 келіге дейінгі салмақта қарсыласынан басым түсіп, жеңімпаз атанды.

Ал Камила 75 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде алтын медаль жеңіп алды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.