Қазіргі уақытта екі жүргізушінің әрекеті тергелуде. 23 қазанда жантүршігерлік жол апатын ІІМ-нің арнайы тобы тергейтіні белгілі болып, артынша арнайы Тергеу жөнінде үкіметтік комиссия да құрылды.
Ақтөбедегі 12 адамның қазасы: қара жамылған отбасыға 1 миллион теңгеден береді
528
оқылды

Кейін тіл тартпай кеткен 2 жүргізушінің әрекетіне қатысты тергеу басталған, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Қайғылы оқиға «Самара – Шымкент» автожолында, Ақтөбе облысындағы Белқопа ауылының маңында тіркелді. Онда DAF жүк көлігі мен жолаушы тасымалдайтын «Газель» көлігі бір-біріне соғылып, 12 адамның өмірін жалмаған болатын. 

Соңғы ақпараттарға сәйкес, Ақтөбе облысы әкімдігінің баспасөз қызметі қаза тапқандардың отбасына (арасында бір үйдің адамдары бар) 1 миллион теңгеден материалдық көмек беретінін мәлім етті. 

Қазіргі уақытта екі жүргізушінің әрекеті тергелуде. 23 қазанда жантүршігерлік жол апатын ІІМ-нің арнайы тобы тергейтіні белгілі болып, артынша арнайы Тергеу жөнінде үкіметтік комиссия да құрылды.