«AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасы аясында Маңғыстау облысының Қарақия ауданындағы Мұнайшы және Жетібай ауылдарында алғаш рет ангар типтегі жаңа спортзал ашылып, ел игілігіне берілді. Енді ауыл тұрғындары салауатты өмір салтын ұстанып, бос уақытын тиімді пайдалана алады.
Ауыл спортына серпін берген күн
1,760
оқылды

Республика күні қарсаңында өт­кен спорттық нысанның ашылу сал­та­натына Маңғыстау облысының әкі­мі Нұрдәулет Қилыбай, «AMANAT» пар­тия­сы облыстық филиалының төр-а­ға­сы Нұрбек Қарасаев, Парламент Мә­жілісінің депутаттары Еділ Жаң­быршин мен Самат Мұсабаев және ауыл тұрғындары қатысты.

Іс-шара барысында аймақ бас­шы­сы Нұрдәулет Қилыбай тұрғын­дар­ды жаңа спортзалдың ашылуымен құт­тықтады. Аталған нысандар ауыл жас­тарының спортпен шұғылдануы­на, бұқаралық спортты дамытуға ық­пал ететінін атап өтті.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес өңірлерде бұқаралық спортты дамытуға және жастарды спортқа тартуға ерекше назар аударылып ке­леді. Ашылып отырған залдар – со­ның нәтижесі. Осындай заманауи спорт нысандары арқылы ауыл жас­тарының денсаулығы нығайып, ел намысын қорғайтын жаңа чемпион­дар өсіп шығады деп сенемін», – деді аймақ басшысы.

Мұнайшы мен Жетібайда бұрын-соң­ды мұндай заманауи үлгідегі ангар типті спортзал болмаған. Осы орайда жо­баның сәтті әрі уақытылы орын­далуы «AMANAT» партиясының, Пар­ламент Мәжілісінің депутаттары Еділ Жаңбыршин мен Самат Мұса­баевтың және облыстық мәслихат де­путаттарының бақылауында болды.

«AMANAT» партиясы ауылдық жер­лердің инфрақұрылымын дамыту, оның ішінде спорттық нысандарды кө­бейту бағытында жүйелі жұмыс­тар­­ды жүргізуде. Бұл ретте партия әр­бір жобаның сапалы орындалуын тұрақ­ты бақылауда ұстайды. Жетібай мен Мұнайшы ауылдарында ашылған ангар типтегі спортзалдар – соның ай­ғағы. Мұндай нысандар ауыл жас­тары­ның спорттағы жетістіктерін арт­­­­­тыруға зор мүмкіндік береді», – де­ді «AMANAT» партиясы Маңғыстау об­лыстық филиалының төрағасы Нұрбек Қарасаев.

Әр нысанның аумағы – шамамен 1 500 шаршы метр. Бір ме­­­зетте 50-ге жуық адам жаттыға ала­ды. Залда кү­рес түрлері, футбол, во­лей­бол және бас­­кетбол үйір­мелері тұ­рақ­­ты жұмыс іс­тейді. Ауыл тұрғын­дары қос спорт­тық ны­санның ашыл­ғанына риза­шы­лығын білдірді.

Айта кетейік, биыл облыс әкімі­нің тапсырмасына сәйкес Жетібай ауы­лында алғаш рет балалар мен жа­сөс­пірімдерге арналған спорт мек­­те­бі салынды. Алдағы уақытта атал­­ған қос спорт нысаны осы мем­ле­кет­тік мекеменің теңгеріміне бері­леді.