«Дуалап алды»: өзінен 8 жас үлкен актрисаға үйленген актер отбасы туралы айтты

Ол актриса Жанель Мақажанға үйленерде ата-анасы қарсы болғанын жасырмады.

Актер Абай Асылхан Ләйлә Сұлтанқызына берген сұхбатында отбасылық өмірі туралы айтты, – деп жазды Aikyn.kz.

Ол актриса Жанель Мақажанға үйленерде ата-анасы қарсы болғанын жасырмады. Сонымен қатар жанында жүрген адамда да түрлі әңгіме айтып, райынан қайтармақ болған.

«Жанель ханым менен 8 жас үлкен. Мен Жанельді басынан араласқан кезден оның бірінші отбасы болғанын, одан екі баласы бар екенін білдім. Мен ол кезде студентпін, менің ешқандай ойым болған жоқ. Кейін бір жобаны бірге бастаған кезде оған деген жылулық пайда болды. Өзіңнен 8 жас үлкен, екі баласы бар, ағайынның сөзі бар, ұят болады, қалай болады деп ата-анам айтты. Сөйтіп біз көп сынақтардан өттік. Қазақстанның өзі екіге бөлініп кетті. «Табалдырық көрген қатынды қайтесің, дуалап алды, тележкасы бар қатынды қайтесің» деген сөздер көп айтылды», - дейді актер.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Ләйлә Сұлтанқызы (@sultankyzy)

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.