Тергеу барысында бұл заңсыз әрекеттерге 7 элиталық төреші, 15 элиталық төрешінің көмекшісі, 36 ұлттық дәрежедегі төреші және олардың 94 көмекшісі қатысқаны белгілі болды.
Еліміздің футболшылары ойнаған біріншілікте төрешілердің өзі матчқа бәс тіккен
805
оқылды

Түркияда ел біріншілігінің ережелерін бұзу дерегі анықталды. Чемпионатқа тіркелген 571 төрешінің 371-інің букмекерлік компанияларда аккаунттары бар болып шықты, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты 1bol.kz сайтына сілтеме жасап.

Ал олардың 152-сі матчтарға белсенді түрде бәс тіккен.

Тергеу барысында бұл заңсыз әрекеттерге 7 элиталық төреші, 15 элиталық төрешінің көмекшісі, 36 ұлттық дәрежедегі төреші және олардың 94 көмекшісі қатысқаны белгілі болды. Тіпті бір төреші 18 300 рет бәс тіккені анықталған.

Қазір бұл іске қатысты тергеу жалғасып жатыр. Түркияның футбол билігі әділ тергеуді қамтамасыз ету үшін УЕФА мен ФИФА өкілдерін шақырды. 

Айта кеткен жөн, бұған дейін Бахтиер Зайнутдинов пен Абат Айымбетов Түркия чемпионатында ойнаған.