Желіде ұзату тойдағы видео жарияланды.
Актер Дәурен Айдарқұлов үйленді: ұзату тойдан видео жарияланды
753
оқылды

Актер Дәурен Айдарқұлов үшінші рет үйленді, – деп жазды Aikyn.kz.

Желіде ұзату тойдағы видео жарияланды. Бұған дейін актер әлеуметтік желідегі парақшасында жаңалығын бөліскен еді.

“Мен үйлендім. Аллаға шүкір! Әйелімнің есімі – Жұлдыз", – деп жазған болатын.

Актердің бұрынғы жұбайы, әнші, актриса Ақбота-Нұр Сейтмағамбетова екі жасқа бақыт тілеп, пікір қалдырған. 

“Бақытты болыңдар! Сендер үшін қуаныштымын", – деп жазды ол. 

Желі қолданушылары актердің жеке өміріндегі оқиғаны қызу талқылап жатыр. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.