Актер Дәурен Айдарқұлов үшінші рет үйленді, – деп жазды Aikyn.kz.
Желіде ұзату тойдағы видео жарияланды. Бұған дейін актер әлеуметтік желідегі парақшасында жаңалығын бөліскен еді.
“Мен үйлендім. Аллаға шүкір! Әйелімнің есімі – Жұлдыз", – деп жазған болатын.
Актердің бұрынғы жұбайы, әнші, актриса Ақбота-Нұр Сейтмағамбетова екі жасқа бақыт тілеп, пікір қалдырған.
“Бақытты болыңдар! Сендер үшін қуаныштымын", – деп жазды ол.
Желі қолданушылары актердің жеке өміріндегі оқиғаны қызу талқылап жатыр.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.