Кәсіби маманның сөзінше, елімізде футболға басшылық еткісі келетін топтар қолдан "оппозиция" жасап, билікті өз қолына алғысы келеді.
«Қазақстанда футболды жаулап алғысы келетін екі-үш топ бар»: белгілі спорт сарапшысы Ермұхаммед Мәулен бар шындықты айтты
2,196
оқылды

Белгілі спорт комментаторы Ермұхаммед Мәулен "Соққы және гол" ютуб арнасына берген сұхбатында Қазақстандағы келісілген матчтар жайлы ойын тағы да айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Кәсіби маманның сөзінше, елімізде футболға басшылық еткісі келетін топтар қолдан "оппозиция" жасап, билікті өз қолына алғысы келеді.

«Жалпы Федерацияның басшылығына ұмтылып, таласып отырған адамдар бар. Қазір де Қазақстан футбол федерациясына президент болғысы келетін, футболды түгел жаулап алғысы келетін екі-үш клан бар. Оны өздері де жасырмайды. Пабликтерде, сайттарда, әр жерде сынап, ақпарат шығарып отырады. Ол бар нәрсе. Өліп кетсең де, болады»,-деді белгілі спорт сарапшысы Ермұхаммед Мәулен.