Бұл туралы ол өзінің әлеуметтік желідегі парағына жазды.
«Мен үшін үлкен жауапкершілік!»: танымал директор сіңлісін ұзатты
855
оқылды

Елге танымал мектеп директоры Ақмоншақ Нұртаза туысқан сіңлісін ұзатты, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

"Бүгін мен үшін ерекше күн! Алғаш рет өз қолыммен — ағамның алтын қызын ұзатып, ән айтып шығарып салдым. Бұл сәт менің жүрегімде мәңгі сақталады…
Соңғы уақытта көп адам: “Сіз ұзатыңызшы, сіз тұсауын кесіңізші, сіздің жолыңыз берекелі” деп ырымдап жатады. Мүмкін, бұл — ниет пен жүректің тазалығынан болар…
Мен үшін қыз ұзату – жай дәстүр емес, үлкен жауапкершілік. Себебі әр әнде, әр тілекте мен болашақ келіннің, болашақ ананың, болашақ жардың бақытына тілек арнаймын. Бүгін сол жолды өз отбасымнан — ағамның қызынан бастадым", – деді ол.