Алматы қаласында теракт жасамақ болған 5 шетелдік азамат ұсталды. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметінше, оқиға 2025 жылдың қыркүйек айында болған, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Олардың барлығы қамауға алынып, қазір тергеу жұмыстары жүріп жатыр.
– Сонымен қатар биыл қыркүйек пен қазанда терроризмді насихаттады деген күдікпен қылмыстық істер аясында 8 қазақстандық қамауға алынды.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес, тергеп-тексеру барысы туралы ақпарат жария етуге жатпайды, – делінген ресми ақпаратта.
Сол кезеңде ҰҚК материалдары бойынша 6 адам террористік және экстремистік қылмыстар жасағаны үшін түрлі мерзімге бас бостандығынан айырылған.
Жалпы, жыл басынан бері осындай қылмысы үшін 89 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды, оның алтауы шетел азаматы.