Әнші, актриса Жұлдыз Өмірғали алдағы жоспарын бөлісті, – деп жазды Aikyn.kz.
Ол кино саласына бет бұратынын айтып, сынға қалды.
"Адам әрқашан өзіне мақсат қойып, сол арманына жеткісі келеді ғой. Аман-есен баламды дүниеге алып келгеннен кейін кино түсіру жоспарымда бар. Қазір сценарий жазу процесіндемін. Жарты жылдан асты қалай сценарий жазу керек екенін зерттеп жүрмін. Кітабын да оқыдым, видеосын да көрдім", - деді Жұлдыз Өмірғали.
Желі қолданушылары мұны сынға алып, түрлі пікір жазды.
"Бәрі кино түсіргіш болып кеткен", "Сөздік қоры аз екен", "Енді сен қалып едің кино түсірмеген",- деді желі қолданушылары.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.