Циклон Батыс Қазақстанда жаңбыр мен желдің күшеюіне себеп болады.
28-30 қазан аралығындағы ауа райы болжамы жарияланды
www.istockphoto.com
2,133
оқылды

Республикалық гидрометеорологиялық қызмет 28-30 қазан аралығындағы ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Aikyn.kz

Синоптиктердің мәліметінше, Атлантикадан келген циклон Батыс Қазақстанда жаңбыр мен желдің күшеюіне себеп болады. Кей аймақтарда жауын-шашын кеш түскенге дейін жалғасады.

Солтүстік, орталық және шығыс өңірлерде жауынсыз күн райы күтіледі. Тек 30 қазан күні солтүстік облыстарға бұлтты ауа массалары жетіп, аздаған жауын жаууы мүмкін.

Оңтүстік өңірлерде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты өткінші жаңбыр жауады. Таулы аудандарда жаңбыр қарға ұласуы ықтимал.

Қазақстан бойынша күн күрт сууы күтілмейді. Ауа температурасы мынадай болады: Солтүстікте: +10…+15 °C; Орталық пен шығыста: +10…+18 °C; Оңтүстікте: +20…+28 °C; Батыс пен оңтүстік-шығыста: +9…+17 °C дейін төмендейді. Түнгі және таңғы уақытта елдің басым бөлігінде тұман түседі.