Андрей Морев 2005 жылы еліміздегі ең үздік қақпашы атанды.
Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы қақпашысы дүниеден озды
285
оқылды

Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы қақпашысы Андрей Морев 52 жасында дүниеден озды, - деп хабарлайды Aikyn.kz

"Қазақстан футбол федерациясы Андрей Моревтің туған-туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтады. Оның есімі отандық футбол тарихының парақтарында және командаластары мен әріптестерінің жүрегінде мәңгі сақталады", - делінген хабарламада.

Андрей Морев "Жеңіс", "Оқжетпес", "Тобыл" және "Ақтөбе" секілді командалар сапында өнер көрсеткен. "Ақтөбеде" екі рет Қазақстан чемпионы атанып, ел кубогының иегері болды. 2005 жылы еліміздегі ең үздік қақпашы атанды.

Андрей Морев Қазақстан ұлттық құрамасының қатарында екі матч өткізді. Дебюттік ойынында қарсылас болған Түркия құрамасының пенальтиін сәтті қайтарып, жанкүйерлердің қошеметіне бөленген еді.