Ол денсаулығына байланысты концерттік кешті кейінге қалдырды
"Концертті өткізу мүмкін болмады": Тұрсынбек Қабатовтың денсаулығы тағы да сыр берді
2,016
оқылды

Белгілі әзілкеш әрі шоумен Тұрсынбек Қабатов денсаулығына байланысты 26 қазанда Өскеменде өтетін концертін кейінге қалдырды, - деп хабарлайды Аikyn.kz.

Кештің өтетін орны көрерменге лық толып, жұрт шамамен 40 минут бойы күткен. Алайда ұйымдастырушылар сахнаға шығып, концерттің бұл күні болмайтынын хабарлаған.

«Өскемен қаласының көрермендеріне үлкен рақмет! Түсіністік танытқандарыңыз үшін алғыс айтам. Денсаулығыма байланысты концертті өткізу мүмкін болмады. 28 қазанда кездескенше!», – деп жазды Тұрсынбек Қабатов өзінің Instagram парақшасында.

Желі қолданушылары Қабатовтың сауығып, сахнаға тезірек оралуын тілеп, жылы пікірлер қалдырды.