Елордалық өрт сөндірушілер Байқоңыр ауданы Ақсай көшесі бойында орналасқан шаруашылық корпустағы өртті сөндірді, - деп хабарлайды Аikyn.kz.
Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми Telegram арнасының хабарлауынша, зардап шеккендер жоқ.
Өрт сөндірудің жедел штабы құрылды. 4 жауынгерлік учаске жұмыс істеді. Судың үздіксіз жеткізілуі қамтамасыз етілді. Қазіргі уақытта өрттің таралу қаупі жойылды.