Ойын «Сантьяго Бернабеу» стадионында өтті
«Реал» «Барселонаны» жеңді
2,960
оқылды

Испанияның басты дербиі саналатын «Эль Класикода»  «Реал Мадрид» өз алаңында «Барселонаны» 2:1 есебімен жеңді, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Ойынның алғашқы бөлігінде Килиан Мбаппе қарсылас қақпасына алғашқы голды соғып, есеп ашты. Каталондықтар көп ұзамай Фермин Лопес соққан доптың арқасында есепті теңестірді – 1:1. Алайда бірінші таймның соңына қарай Джуд Беллингем айып алаңындағы соққысымен мадридтік команданы алға шығарды.

Матчтың екінші жартысында қос команда да бірнеше мүмкіндік жасады, бірақ есеп өзгеріссіз қалды. Осылайша, «Реал» «Барселонаны» 2:1 есебімен ұтып, Ла Лигадағы көшбасшылық орнын бекіте түсті.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз