Қазақстан құрамасында 28 медаль бар
Қазақстан қоржынына тағы екі алтын түсті
Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі
2,091
оқылды

Бахрейнде өтіп жатқан Жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында қазақстандық спортшылар екі бірдей алтын медаль жеңіп алды, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Альбина Жуминова (17 жас) муай-тай жарысында 51 келі салмақта чемпион атанды. Ол финалда Камбоджа спортшысы Срейпен Омды 30:27 есебімен жеңді.

Ал Евгений Васенкин (16 жас) таеквондода 55 келіге дейінгі салмақта алтын медаль иеленді. Ол финалда Өзбекстан өкілі Асадбек Самандаровты 2:0 есебімен ұтты.

Осылайша Қазақстан құрамасының жалпы көрсеткіші — 7 алтын, 8 күміс және 13 қола, барлығы 28 медаль болды.