Республика күніне орай Jibek Joly туристік пойызы жолға шықты – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Пойыз жолаушыларды Орталық Азияның бай мәдениетімен таныстырады. Бағыт Алматы – Түркістан – Отырар – Самарқанд – Бұхара – Ташкент – Алматы қалалары, - дейді Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.
Жолаушылар ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра нысандарын аралайды. Оның ішінде көне Отырар мен Қожа Ахмет Ясауи, сондай-ақ Самарқанд, Бұхара және Ташкент қалаларындағы әйгілі кесенелерге саяхат жасайды.
Биылғы маусымда жобағаТүркия, Ресей, Қырғызстан, Венгрия, Беларусь, Германия және АҚШ елдерінен келген туристер қатысуда.