50 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Бакиева Үндістан спортшысы Шрия Сатамды мерзімінен бұрын жеңіп, жарыстың үздігі атанды.
Қазақстандық спортшы қыз аралас жекпе-жектен Азия ойындарының чемпионы атанды
384
оқылды

Қазақстан құрамасының жас спортшысы Амелина Бакиева ММА бойынша 2025 жылғы жасөспірімдер Азия ойындарында алтын медаль алды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты. 

50 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Бакиева Үндістан спортшысы Шрия Сатамды мерзімінен бұрын жеңіп, жарыстың үздігі атанды.

«Бұл жеңіс - Қазақстан жастар құрамасы үшін үлкен мәртебе. Алтын медаль ел намысының биік деңгейде қорғалғанын көрсетеді», – деп жазады Ұлттық олимпиада комитеті.

ММА — жастар арасында танымал жекпе-жек спорты. Қазақстандықтар соңғы жылдары халықаралық аренада тұрақты табыс көрсетіп келеді. Ал Бакиева — ел құрамасының жаңа жұлдыздарының бірі.