«AMANAT» партиясының Орталық аппаратында Республика күніне арналған салтанатты жиын өтті.
Еңбегімен ерлегендер құрметке бөленді
1,665
оқылды

Іс-шараны ашқан Мәжіліс Спикері, «AMANAT» партиясы­ның Төрағасы Ерлан Қошанов қатысушыларды алдағы Респуб­лика күнімен құттықтады. Ол осы­дан 35 жыл бұрын қабыл­данған Мемлекеттік егемендік туралы декларация жаңа дәуірдің бастауы болғанын атап өтті.

«Отыз бес жыл – аз уақыт бол­ып көрінгенмен, мән-маңызы жағынан ғасырға пара-пар кезең. Ата-бабаларымыздың асыл арма­ны орындалып, егемен ел атан­дық. Шекарамыз бекіді. Әлем мой­ындаған іргелі мемлекетке айнал­дық. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен халқымыз үшін тарихи мәні зор бұл күн – Ұлттық мереке мәрте­бесіне ие болды. Бүгінде біз ре­фор­малар жолын жалғастыра отырып, ел дамуының жаңа кез­еңіне қадам басып, алдымызға тың мақсаттар қойып отыр­мыз», – деді ол.

Партия Төрағасы қазіргі жа­са­л­ып жатқан реформалардың, қо­ғам­дағы ауқымды өзгерістердің, экономикадағы жетістіктердің, саяси тұрақтылық жолындағы қа­дамдардың бәрі Тәуелсіздікті көздің қарашығындай қорғауға және нығайтуға, халықтың әл-ауқат­ын арттыруға бағытталғанын мәлім­деді. Еліміздегі барлық оң өзгерістің алғы шебінде белсенді әрі отаншыл азаматтар жүр. Олар – ел аумағында Әділетті Қа­зақстанды құру ісіне барынша белсенді атса­лысып келе жатқан «AMANAT» партиясының мүшелері.

Жиын соңында Ерлан Қо­ша­нов партияластарға мемлекет­тік және партиялық наградалар табыстады.

Осылайша, Президент Жар­лығына сәйкес, «AMANAT» пар­тиясының Хатшысы Ержан Жыл­қыбаев «Парасат» орденімен марапатталды.

«Құрмет» орденін: «AMANAT» партиясы Көксу аудандық филиа­лының төрағасы Мәлік Бейсенов, «AMANAT» пар­тиясы жанындағы Әйелдер қана­тының қызметін қамтамасыз ету басқармасының басшысы Сай­рангүл Жұмаділова, «АЙ­ҚЫН-ЛИТЕР» ЖШС дирек­торы Талғат Қырықбаев, «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалы атқарушы хатшысының орын­басары Полат Тұрсынбаев, «AMANAT» партия­сының Жос­парлау және талдау департамен­тінің директоры Юрий Жулин, Мәжілістегі «AMANAT» пар­тиясы фракциясы аппара­тының бас консультанты Арбол Арғынов, «AMANAT» партиясы Ас­тана қа­ла­лық филиалы атқару­шы хатшы­сының орынбасары Мәрия Өте­баева, Қазақстан спорт­шылар одағы Ақмола об­лыстық филиалы­ның директоры Нұрлан Сейдалин иеленді.

«Ерен еңбегі үшін» медалімен: Алматы облысындағы шаруа қо­жалығының басшысы Аман­гелді Сембаев, Б.Нұржанов атын­дағы Екібастұз ГРЭС-1 өндірістік-тех­никалық басқармасының бас­шы­сы Серік Серьянов, «AMANAT» партиясы Қарағанды облыстық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары Гүлсім Қожахметова, Сайрам көмекші мектеп-интер­нат-колледжінің директоры Жа­дыра Таңатарова, «Қостанай таңы» газетінің директоры – бас редакторы Кенжеш Аманова, «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы атқарушы хат­шы­сының орынбасары Ербол Байқонысов, Павлодар облыстық қарттар және мүгедектер үйінің директоры Марина Стрелковская, «AMANAT» партиясының Рес­пуб­ликалық қоғамдық қабылдау бөлмесінің сарапшысы Айман Қарбаева, «AMANAT» партиясы Абай облыстық филиалының партиялық бақылау инспекторы Майра Мұрсахан, «AMANAT» партиясы Ұйымдастыру және аумақтық жұмыс департаментінің инспекторы Қайрат Қасымов, «AMANAT» партиясы Партиялық бақылау департаментінің инс­пекторы Ержан Жұмағұлов, «AMANAT» партиясы Қоғамдық сая­сат институты мониторинг бөлімінің басшысы Нұрболат Тілеу­лин, «AMANAT» партиясы Саяси жұмыс департаментінің бас консультанты Елшат Айдынұлы марапатталды.

«Шапағат» медалі «Жастар Рухы» жастар қанаты Ұйымдас­тыру-аумақтық жұмысы басқар­масының басшысы Інжу Қараш­баеваға табысталды.

«Белсенді қызметі үшін» пар­тиялық наградасымен: Мәжіліс депутаттары, «AMANAT» пар­тия­сы фракциясының мүшелері Мар­ха­бат Жайымбетов, Наталья Дементьева, Ерлан Әбдиев, Жарқынбек Амантайұлы, Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты бас директорының орынбасары Сал­танат Тұрсынбекова, «Электр энер­гетикасын дамыту және энергия үнемдеу институты» АҚ бас­қарма төрағасы Елдос Аба­қанов, тележүргізуші Санди Сұлтан, «AMANAT» партиясы Рес­­публикалық қоғамдық қабыл­дау бөлмесінің меңгерушісі Әлия Садырбаева, «AMANAT» партия­сы Аудит басқармасының бас­шысы Данияр Үсіпбеков, «Ж­астар Рухы» жастар қанатының төра­ғасы Ақерке Искандерова, «NS Радио­сы – Ұлттық Желі» телерадио­компаниясының бас дирек­торы Ербол Бегімбетов марапатталды.