Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күніне арналған концертті тамашалады

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.

Мемлекет басшысы Республика күніне арналған салтанатты кешті тамашалады, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күніне арналған «Рухтың асқары – Қазақстан» мерекелік концертіне барды. 

«Астана Опера» театрының сахнасында қазақстандық белгілі әртістер мен шығармашылық ұжымдар өнер көрсетті.