Жақында ғана "Ыстық ұя" фильмін прокатқа шығарған продюсер, әртіс Дариға Бадықоваға белгілі журналист Азамат Әбілқайыр сыни пікірін айтып, оның бір жазбасына тиісті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Threads әлеуметтік желісінде:
“Халықтың киносы” деп менің атымнан сөйлеуге кім рұқсат берді?) Себебі мен де осы халықтың өкілімін. Қарабайыр, тілі қойыртпақ, мұндай төмен дүниені көрмеймін.
Аталған “кино” халықтың киносы емес! Егер нақты сауалнамаға немесе демократиялық келісімге сүйенбесе, бұл субъективті интерпретация ғана.
“Ең бастысы мағынасы күшті ғо” деген тобыр түсініктерің өздеріңе! “Халыққа керегі осы” деп сапасыз кино түсіруді қойсаңыздар екен. Соның өзі бізді (халықты) ойлағандарыңыз болады. Рақмет!-деп жазды белгілі журналист Азамат Әбілқайыр.
Журналистің жазғанын қолдап жатқандар да, керісінше қарсы үн қатып жатқан да қолданушылардың қарасы көп.
Айта кеткен жөн, бұған дейін Дариға Бадықова өзінің "Ыстық ұя" фильмі жайлы қуанышты хабарын бөліскенін жазып едік.
