Республика күніне орай Мәдениет және ақпарат министрі продюсерге «ҚР Еңбек сіңірген қайраткері» атағын табыстады.
"Отаныма қызмет етемін!": Баян Алагөзова марапатқа ие болды
Фото: instagram.com/ bayanmaxatkyzy
1,490
оқылды

Продюсер Баян Мақсатқызы  Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері атанды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.  

Республика күніне орай Мәдениет және ақпарат министрі продюсерге «ҚР Еңбек сіңірген қайраткері» атағын табыстады. Баян Алагөзова әлеуметтік желіде бұл үлкен жауапкершілік екенін атап өтті.

"Достар! Баршаңызды келе жатқан Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бүгін менің анамның арманы орындалды. Мен «ҚР Еңбек сіңірген қайраткері» атандым! Бұл жоғары марапатты Мәдениет және ақпарат министрі Аида Ғалымқызы Балаеваның қолынан алдым. Бұл бұл мен үшін зор мәртебе әрі үлкен жауапкершілік! Отаныма қызмет етемін, - деп жазды продюсер. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.