Жаңбыр, қар жауады: мереке күндеріне ауа райы болжамы

Синоптиктердің болжамы бойынша, еліміздің басым бөлігіне атмосфералық фронттар әсер етеді.

Қазгидромет 25-27 қазандағы ауа райына болжам жасады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.  

Синоптиктердің болжамы бойынша, еліміздің басым бөлігіне атмосфералық фронттар әсер етеді.

Алдағы демалыс күндері көп өңірде жаңбыр жауып, түнде жаңбыр қарға ұласады. Сондай-ақ жел күшейіп, түнгі және таңғы сағаттарда тұман түседі. Алайда күн айтарлықтай суымайды.

Солтүстік өңірлерде қысқамерзімді салқындау болады. Түнде ауа температурасы -3°С-тен -8°С-қа дейін, ал күндіз +3°С-тен +8°С-қа дейін жетеді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.