12 жастағы бала мотоцикл тізгіндеп, автобусқа соқтығысып, апат соңы адам өлімімен аяқталған болатын. Тергеу мәліметінше, автобус жүргізушісі көше қиылысында жол белгісінің талабын бұзып, мотоциклмен соқтығысқан. Мотоцикл тізгінінде кәмелетке толмаған бала болған. Оны ауруханаға жеткізгенімен, дәрігерлердің көмегіне қарамастан, бала есін жимастан көз жұмған.
Жүргізуші өз кінәсін мойындаған жоқ. Сот оқиғаны абайсызда жасалған, кішігірім ауырлықтағы қылмыс ретінде бағалады. Жеңілдететін мән-жай ретінде оның кәмелетке толмаған балаларының барлығы және бұрын сотталмағаны ескерілді.
Жылыой аудандық сотының үкімімен ер адам 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырылып, 5 жылға көлік құралын басқару құқығынан айырылды.
Баян ЖАНҰЗАҚОВА, Атырау облысы
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.