Салтанатты жиын барысында корпорация президенті Рақымғали Абрарұлы қонақтарды баспаның қызметімен, жетістіктерімен таныстырды.
«Атамұра» –  «Жылдың үздік баспасы»
1,585
оқылды

Республика күні мерекесі қарсаңында руханиятқа қатысты жақсы бір іс-шара болды. Халықтың рухани сұранысына сай аса қажет кітаптарды шығарып келе жатқан «Атамұра» баспа корпорациясына және оның президенті Рақымғали Абрарұлы Құл-Мұхаммедке қоғамның берген лайықты бағасы – жоғары марапат тапсырылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.  

Салтанатты жиын барысында корпорация президенті Рақымғали Абрарұлы қонақтарды баспаның қызметі мен жетістіктерімен таныстырды.

Марат Байділдәұлы Қоғамдық марапаттар жөніндегі республикалық кеңес пен «Уақыт Таңдауы» агенттігінің бірлескен жобасы аясындағы байқау қорытындысы бойынша, қоғамның таңдауы – «Атамұра» корпорациясына «Жылдың үздік баспасы» марапатын табыстады. Сонымен қатар Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Рақымғали Абрарұлына ұлт руханияты мен баспа ісіне қосқан зор үлесі үшін «Ұлт қайраткері» медалі тапсырылды. 

Осы ретте еске сала кетерлігі, мемлекеттің марапаты – ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ұйымдастыруымен биыл бірінші рет Қазақстанның барлық баспасының қатысуымен өткен «Кітап күні» – 23 сәуірде «Атамұра» баспасы республиканың «Үздік баспа» марапатына ие болған.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.