Жүйе медициналық анықтама мен автомектепті аяқтау туралы мәліметтерді автоматты түрде тексереді.
Жүргізуші куәлігін енді «ЦОН» мобильді қосымшасынан алуға болады
803
оқылды

Қазақстанда жүргізуші куәлігін алу енді «ЦОН» мобильді қосымшасы арқылы жүргізіледі, – деп хабарлайды  Aikyn.kz Qazaqstan телеарнасына сілтеме жасап.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы жүргізуші куәлігін алғаш рет алу қызметі енді «ЦОН» мобильді қосымшасында қолжетімді екенін хабарлады. Енді азаматтар ХҚКО-ға бармай-ақ, өтінішті онлайн жолдай алады. 

Жүйе медициналық анықтама мен автомектепті аяқтау туралы мәліметтерді автоматты түрде тексереді. Өтініш берген соң үміткер өзіне ыңғайлы уақытта теориялық және практикалық емтихандарға жазыла алады. Мемлекеттік баж төлемі емтихандар сәтті өткеннен кейін ғана төленеді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.