Әлеуметтік желі қолданушылары оның сөзін қызу талқыға салды.
«Дайындықты бастап кеттім»: Тұрсынбек Қабатовтың әйелі жаңалығын жеткізді
Фото: instagram.com/moldir.mt
1,919
оқылды

Продюсер, әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың жұбайы Мөлдір Мұқан егер фонограммасыз ән салуға дайындалып жүргенін айтты, – деп жазды Aikyn.kz.  

Ол фонограммамен ән айтуға тыйым салынса, жанды дауыста орындайтынын жеткізді.

«Дайындықты бастап кеттім өз басым. Мен де жанды дауыста ән салғым келеді. Жалпы, шағын орындарда өзім жанды дауыста, аспапта ойнай отырып айтып жүрмін», – дейді Мөлдір Мұқан revuenews-ке берген сұхбатында.

Әлеуметтік желі қолданушылары оның бұл сөзін қызу талқыға салды. Бірі қолдау білдірсе, енді бірі әнші ретінде қабылдай алмайтынын айтқан.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.