Республика күнін мерекелеу қарсаңында елорда жастары «Менің Қазақстаным!» атты акция бастады. Жастар үйлердің балконына көк туымызды іліп қойды, елорда көшелерінде 1 000-ға жуық ту ілініп тұрғаны тағы бар.
Елорда жастары челлендж бастады
1,594
оқылды

Патриоттық акция жыл сайын өткізіледі. Бұл акция елорда көшелеріндегі жүрген астаналықтар мен қала қонақтарына жүрек тебірентер әсер сыйлады. Астаналықтар акцияға қосылып жатыр.

«Жыл сайын отбасымызбен осы челленджге қатысамыз, балконға ту іліп қоямыз. Бұл қарапайым әрекет, бірақ символдық мәні бар. Қаладағы ілініп тұрған туларды көргенде, елің үшін мақтаныш сезімі кернейді», – деді Сарыарқа ауданының тұрғыны.

Одан бөлек, әртістер мен мәдениет қайраткерлері де халықты Республика күнімен құттықтап, челлендж бастады. Оған спортшылар да қосылды.