Жұмысшы мамандықтар жылына орай Батыс Қазақстан облысы әкімдігі мен «AMANAT» партиясының облыстық филиалының ұйымдастыруымен «Еңбек. Адам. Құрмет» жұмысшы мамандықтары фестивалі өтті.
Жұмысшылар фестивалі өтті
2,170
оқылды

Фестиваль аясында Тұңғыш Прези­дент алаңы аумағында Батыс Қазақстан облысы аудандарының жұмысшы кәсіп өкілдерінің көрмесі, қолөнершілер көр­месі, ұлттық спорт түрлерінен сайыстар, ауыл­шаруашылық техникасының көр­ме­сі шоғырланған. Еңбек адамдарын ұлық­тауға арналған іс-шараға Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төре­ғалиев, халықаралық Qazaqstan Dauiri газеті мен «Мөлдір бұлақ» журна­лы­ның Бас дирек­торы, қоғам қайраткері Сәуле Мешітбай­қызы, «AMANAT» пар­тиясы Батыс Қа­зақ­стан облыстық фи­лиа­лының атқару­шы хатшысы А.Сафи­малиев, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы М.Берген, облыс аудандарынан келген жұмысшы мамандар және кәсіп­тік білім беру ұйым­дарының студенттері қатысты.

Фестивальдың пленарлық отырысын­да өңір басшысы Жұмысшы мамандықтар жылы аясында өткізіліп отырған айтулы іс-шараның маңызын айтып өтті. 

– Бүгінгі «Еңбек. Адам. Құрмет» атты облыстық фестиваль – еңбек адамына деген ілтипаттың, адал қызмет пен табан­ды еңбектің жарқын көрінісі. Бұл – жай ғана іс-шара емес, қоғамның қозғаушы күші болып отырған мамандарға көрсет­іл­ген шынайы құрмет. Еңбек – елдің ең­сесін көтеретін, қоғамды алға жетелей­тін басты күш. Біздің күнделікті өмірі­міздің әрбір сәтінде қарапайым жұмыс­шының қолтаңбасы бар. Жол салушыдан бастап ұстазға дейін, дәрігерден бастап диқанға дейінгі барша еңбеккерлер елдің өркендеуі үшін аянбай тер төгуде, – деді Нариман Төреғалиев. 

Орал трансформатор зауытында 4 жыл үздік еңбек етіп жүрген Ләззат Жұ­маділдә, Шыңғырлау ауданы Ақшат ауыл­ында 3 бағыттағы кәсіпті дөңгелетіп отырған жас кәсіпкер Сырым Жалды­ғұлов, ауыл тұрғындарының басын бірік­тіріп, табыс табуларына қолайлы орта тудырып, «Ауыл аманаты» жобасы ая­сын­да тиімді жұмыс жүргізіп отырған Ер­кін Абилкакимов фестивальдың пле­нар­лық отырысында сөз алып, фес­тиваль қатысу­шыларын құттықтады.

Жанат ҚАЙЫРҒОЖИНА,

Батыс Қазақстан облысы