Желі қолданушылары блогердің парақшасында күйеуі мен балаларының суреті жоқ екеніне қарап, «Отбасында бір жағдай болған ба?» деп болжам жасаған.
«Ажырасып кеткен бе?»: Баян Алагөзованың қызы отбасы туралы шындықты айтты
561
оқылды

Продюсер Баян Алагөзованың қызы, блогер Айсәуле Бақытбек әлеуметтік желіде оқырман сұрағына жауап берді, – деп жазды Aikyn.kz.  

Желі қолданушылары блогердің парақшасында күйеуі мен балаларының суреті жоқ екеніне қарап, «Отбасында бір жағдай болған ба?» деп болжам жасаған. Блогер отбасында бәрі жақсы екенін айтып, балаларын неге көрсетпейтінін түсіндірді. 

«Бұл сұрақты екінші рет қойып жатыр. Әрине, бұл жаңа оқырмандар шығар. Мені бұрыннан білетіндер күйеуімнің стористе көрінбеуі қалыпты жағдай екенін біледі. Мен жай ғана отбасымды көрсетпеймін. Құдайға шүкір, бәрі жақсы. Шынымды айтсам, ересек адамдардың бөтен балаларды көруге құмарлығы біртүрлі көрінеді. Балаларымның қайда оқитынын, қандай үйірмеге баратынын миллион адам білгенін қаламаймын. Олар – бала. Әлеуметтік желінің өзі бізді, ересектерді, шаршатады, ал балаларға мүлде орын жоқ деп ойлаймын», – деді блогер.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.