Ол қыздарға артық сұрақ қойып, мазаламауға кеңес берді.
"Өзіне қастандық жасамайды ғой...": танымал продюсер күйеуге шықпай жүрген қыздар туралы айтты
772
оқылды

«Келінжан» телехикаясының продюсері Гүлнұр Мамасарипова Жанар Байсемізге берген сұхбатында  тұрмысқа шықпаған қыздар туралы айтты, – деп жазды Aikyn.kz. 

Ол қыздарға артық сұрақ қойып, мазаламауға кеңес берді.  Айтуынша, әрбір қыз бала онсыз да бақытты болғысы келеді.

«Қашан күйеуге шығасың?» деп айтуға болмайды дейді ғой, бірақ мен «Қашан, қашан?» дейтін аналардың қатарынан емеспін. Тіптен меңзеп, айналдырып айтатын адам емеспін. Осындай сұхбаттарда айтамын, содан естіп алады. Бұрын айтатынмын, соңғы кезде тікелей айтпаймын. Жалпы, қыздары күйеуге тимей жүрген аналарға айтарым, жалпы әр қыз онсыз да бақытты болғысы келеді. Егер ол болмай жатса, демек оның себеп-салдары болып тұр. Бізден бұрын, өзі соны қалап тұр ғой. Ол соған өзі де жеткісі келеді. Өз-өзіне қастандық жасамайды ғой. Егер сол болмай жатса, демек оған бір нәрсе жетіспей тұр. Мен соны түсіндім», — дейді продюсер.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Zhanar Baisemiz (@janar_baisemiz)

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.