21 қазанда ұлттық құрама Малайзия командасына қарсы кездесу өткізді.
Жағажай волейболы: Қазақстан құрамасы Азия ойындарында үшінші жеңісіне қол жеткізді
Фото: Сали Сабиров, Қазақстан ҰОК
300
оқылды

Қазақстан ерлер құрамасы жағажай волейболынан Бахрейнде өтіп жатқан 2025 жылғы жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарының топтық кезеңінде үшінші жеңісіне қол жеткізді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

ҚР ҰОК мәліметінше, 21 қазанда ұлттық құрама Малайзия командасына қарсы кездесу өткізді. 

Әлихан Ағабек пен Оразалы Сағыныш қарсыластарын 2:0 есебімен жеңді. 

Еске салайық, бұған дейін қазақстандық жағажай волейболшылары Қытай мен Моңғолия құрамаларын ұтқан болатын.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.